Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Дания чемпионатында өнер көрсетеді
Қазақстан құрамасының және "Ақтөбенің" жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Дания чемпионатында өнер көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ақтөбе футбол клубы
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов “Ақтөбе” футбол клубындағы келісімшартын тоқтатып, Дания чемпионатына ауысады. 26 жастағы футболшыны өз қатарына қосқаны үшін даниялық клуб "қызыл-ақтарға" қомақты өтемақы төлейді. Екі жақтың келіссөздері сәтті өткен. Енді Оразов даниялық "Орхус" командасында өнер көрсетеді. Дания командасы оны 2022 жылдан бері Оразовты бақылап келген.
Айта кетейік, Рамазан Оразов футболдағы мансабын алматылық “Қайрат” клубынан бастаған. Ол “Ақтөбе” футбол клубының сапында 6 матч өткізіп, бірде-бір рет гол сала алмаған.
Қазақстандық модель "Америкалық қорқынышты оқиғалар" сериалының постеріне қалай түскенін айтты
Түсірілім АҚШ-тың Бруклин ауданындағы Warehouse Studio студиясында өткен
"Оңай" ресейлік төлем жүйесімен байланысы бар деген күдікке ілінді: Пайдаланушылар дербес деректерінің қауіпсіздігіне алаңдады
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады

