Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды

Ресейлік маман Станислав Черчесов футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: GettyImages

Жақында ғана Қазақстан құрамасының бас бапкерлігінен кеткен Магомед Адиевтің орнына тағы бір ресейлік маман келді. 2016-2021 жылдар аралығында Ресей құрамасының бас бапкері болған Станислав Черчесов енді Қазақстан құрамасын жаттықтырады. Танымал актер Нұрлан Қоянбаев Черчесовтің бас бапкер болып тағайындалуына қарсылығын білдірген еді. Бұған дейін БАҚ-да ресейлік маманға жылына 1,2 млн еуро жалақы төленуі мүмкін деген де ақпарат шыққан еді. Қазақстан ұлттық құрамасы бұл айда Черчесовтің басқаруымен екі жолдастық кездесу өткізеді. 7 маусымда Армениямен кездессе, 11 маусымда Әзербайжанмен ойнайды.

Айта кетейік, Черчесов Польшаның "Легия", Ресейдің "Динамо", "Амкар", "Терек", "Жемчужина" және "Спартак", Австрияның "Ваккер-Тироль" клубтарында бапкер болған.

 

Талқылау