Футболдан Еуропа чемпионатының үздік ойыншысы анықталды
УЕФА футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының үздік ойыншысы анықталды.
Турнирдің үздік ойыншысы деп Италия құрамасының қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма танылды.
Биылғы Еуро чемпионатында ол алаңда 719 минут ойнап, барлық ойыншыдан көп алаңда уақыт өткізген.
Италия өткізген жеті матчтың үшеуінде қақпасын құрғақ ұстаған. Ал жалпы қақасына 4 гол жіберіп, 9 сэйв жасаған.
Бұған дейінгі Еуропа чемпионаттарының үздік ойыншылары:
1996: Маттиас Заммер (Германия)
2000: Зинедин Зидан (Франция)
2004: Теодорос Загоракис (Греция)
2008: Хави Эрнандес (Испания)
2012: Андрес Иниеста (Испания)
2016: Антуан Гризманн (Франция)
"Қызымның арманы еді": Қазақстандық аналар баласын шетелге жіберуге рұқсат етпейтін әкелерге шағымданды
Әйел: "Талантты қызым конкурсынан қалды"
"Дәрігердің өзі қатерлі ісікпен 8 жыл жүрген": Маммолог сүт безі обырының алғашқы белгілері мен ерекше оқиғаларды айтып берді
Сүт безіндегі ауырмайтын түйін де қауіпті болуы мүмкін