Футбол алаңында ойнап жүрген 18 оқушыға найзағай түсті
Жапонияда матч кезінде футбол алаңында жүрген 18 оқушыға найзағай түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Metro басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы жағдай 3 сәуірде Миядзаки қаласында университет аумағындағы футбол алағында болған. Екі мектептің оқушылары бұл кезде футбол ойнап жүрген.
Салдарынан 18 оқушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Екі баланың жүрегі тоқтап қалған, қуанышқа орай дәрігерлер оларды құтқарып қалды. Бұған дейін Жапонияның метеорологиялық бюросы найзағай жөнінде ескерту жариялаған екен.
Оқыс жағдай Тайвань аумағында болған жер сілкінісінен бірнеше сағат өткен соң орын алыпты. Кейін Окинава префектурасында 3 метрлік цунами көтерілді.
Қазақстанда жақынынан айырылған қызметкерлер бір реттік төлем ала алады
Мектеп қызметкерлеріне 86 мың теңгеден астам көмек қарастырылған
"Жігітім үшін жер қазуға бардым": Қазақстандықтар желіде махаббат үшін жасаған ессіз әрекеттерін бөлісіп жұртты күлдірді
Бойжеткен: "Жігітті үйіне шығарып саламын деп иті артымнан қуды"