Фристайл-акробатикадан Дінмұхаммед Райымқұлов Еуропа кубогының жеңімпазы атанды
Швейцарияның Айроло қаласында фристайл-акробатикадан өтіп жатқан Еуропа кубогында қазақстандық спортшы чемпион атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: olympic.kz
Еуропа кубогының кезеңінде ерлер арасындағы жекелей сында бақ сынаған Дінмұхаммед Райымқұлов алтын жүлдеге ие болды. Отандасымыз 96,58 ұпай жинады. Осылайша қазақстандық спортшы қос украиндық фристайлшыдан басып озды.
Екінші және үшінші орынды Украин елінің өкілдері иеленді. Максим Кузнецов (96,23) күміске қол созса, Дмитро Котовский (85,30) қоланы қанағат тұтты.
Айта кетейік, бұған дейін Дінмұхаммед Райымқұлов Еуропа кубогында күміс жүлде еншілеген еді.
Қапшағайда гидроскутер "үрлемелі диванға" соқтығысты: Әйелдің қуығы жырылып, қыз есін жоғалтқан
15 жастағы қыздың жамбас сүйектері бірнеше жерден сынып, жадынан айырылған
Әріптесінің хабарламасы алматылықты тротуарға құлаған бетон плитадан құтқарып қалды
Оқиға кезінде ол әріптесінің хабарламасына жауап беру үшін бір сәтке тоқтап үлгерген

