Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Әлем аруы-2017» байқауының жеңімпазы анықталды (фото, видео)

Филиппин елінде өтіп жатқан «Әлем аруы» байқауы өз мәресіне жетті. Франциялық бойжеткен «Әлем аруы» атағына ие болды.

1478301

Франция аруы Ирис Миттенэр 2017 жылы әлемдегі ең сұлу ару атағын иеленді. Бұл туралы байқаудың ресми сайтында хабарланды.

Ирис – Францияның солтүстігінде орналасқан Лилль қаласында туған, 24 жаста, өзі тіс дәрігері мамандығы бойынша білім алуда.

Гаити аруы бірінші вице-мисс атанса, екінші болып Колумбия аруы таңдалды.

1478577

1478457

Байқаудың ақтық кезеңінде қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, саяси мәселелерді көтерді. Жеңімпаз атанған Ирис миграциялық дағдарыс жайын сөз етсе, Колумбия мен Кения арулары АҚШ президенті Дональд Трамп туралы және демократиялық партия атынан президенттікке түскен Хиллари Клинтон туралы пікірлерін білдірді.

Бұған дейін, Қазақстан атынан қатысқан Дарина Құлсейітованың үздік ондыққа кіре алмағанын жазған едік.

vecherneeplate

Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаеваның сүйіктісі ерлер қауымына ренішін білдірді

Лана Алматыдағы концертте омырауының көрініп қалғаны туралы айтты

Асхат Садырбай: Хайуан екеш xайуан да өз ана тілінде сөйлейді

Димаш Құдайбергенов Универсиаданың ашылуында опера әншісімен ән айтты (видео)

Талқылау