Франциялық басылым: Қытайлық тележоба қазақтың шоуына айналды
Франциялық Le Monde басылымы қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жайлы мақала жариялады.
Tengrinews.kz басылымы аталған мақаланың мазмұнына тоқталды.
“Қытайлық тележоба қазақтың шоуына айналды” деген тақырыппен жарияланған мақалада Димаш Құдайбергеннің француздың “SOS d’un terrien en detresse” әнін орындап, сенсация жасағаны айтылады.
“Димаш Құдайберген қытайлық Hunan TV арнасында шығатын Geshou 2017 жобасында (бұрынғы I’m a Singer) қыз-қыркынның жүрегін жаулап алды. 1994 жылы туған қазақ Димаш Құдайберген французша Sos d’un terrien detresse (“Мен неге күлемін, мен неге жылаймын”) әнін орындау барысында сөздерді дұрыс айтуы аса жақсы болмағанымен, көрерменге бұл кедергі болмады, ол нағыз от болды. Ол 21 қаңтарда көрсеткен өнерінен кейін әлеуметтік желінің триумфында”, – делінген мақалада.
Жанкүйерлердің бірі: “Осы уақытқа дейін өз елінде белгілі болса, ал енді қытай жұлдыздары ішінде танымал болған” Димаш Құдайберген жайында Lam Yiceng деген 25 жастағы жанкүйерінің сөзі келтіріледі. “Көптеген қытайлық Қазақстанның кайда екенін білмеген болса, бұдан соң қазақ дегеннің кім екенін білетін болды”, – деп баға берген.
Ал осы мақалаға қатысты пікірінде әншінің PR-директоры әрі досы Алпамыс Шәрімов Франциядан көптеген ұсыныстың түсіп жатқанын хабарлады.
Жіберіп алмаңыз:
Димаш танымал Beauty Secret брендінің ресми өкілі атанды (видео)
Димаш Құдайберген 9-кезеңде әйгілі Селин Дионның әнін орындайды (видео)
Қытайда жүрген Димаш елдегі анасының құшағын гүлге толтырды
Ақшасын ала алмаған Ақбота той иесімен жанжалдасып қала жаздады (видео)