Францияда екі ұшақ соқтығысып, 5 адам қаза болды
Францияның Лош қаласында екі жеңіл ұшақ соқтығысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Nouvelle Republique басылымына сілтеме жасап.

Бес адам қайтыс болды. Соқтығысқаннан кейін ұшақтардың бірі тұрғын үйдің қоршауына соғылып, соның салдарынан жарылыс болған. Екінші ұшақ біріншісінен бірнеше жүз метр қашықтыққа құлады. Құтқарушылар оннан тағы үш мәйіт тапты.
Әзірге оқиға туралы толық хабарланған жоқ. Құтқарушылар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.
Қазақстандық модель "Америкалық қорқынышты оқиғалар" сериалының постеріне қалай түскенін айтты
Түсірілім АҚШ-тың Бруклин ауданындағы Warehouse Studio студиясында өткен
"Оңай" ресейлік төлем жүйесімен байланысы бар деген күдікке ілінді: Пайдаланушылар дербес деректерінің қауіпсіздігіне алаңдады
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады