Франция құрамасы қазақстандық футболшыларды 8:0 есебімен ойсырата жеңді
Қазақстандық футбол құрамасы Франция футболшыларынан 0:8 есебімен жеңілді. Бұл қазақстандық спортшылардың тарихтағы ең сәтсіз ойыны, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Осылайша, Париждегі жеңілісімен Қазақстан құрамасы антирекордты жаңартты: 2005 жылы Қазақстан әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Түркиядан 0:6 есебімен жеңіліп қалған еді. Дәл осындай есеппен Қазақстан құрамасы 2008 жылы Ресей құрамасынан да ұтылып қалды. Ал енді отандық футболшыларды франциялық спортшылар 0:8 есебімен ойсырата жеңді.
Айта кетсек, қазақстандық ойыншыларды жеңген соң Франция құрамасы топтық кезеңде бірінші орынға шығып, мерзімнен бұрын 2022 жылғы әлем чемпионатына өтті.
IT мамандығын бітіріп, аяқкиім тазалаумен айналысады: 23 жастағы қазақстандық айына миллиондарды қалай тауып жүр
IT мамандығын меңгерген жас кәсіпкер аяқкиім тазалаудан бизнес құрды
Қазақстандықтар брендтердің "қара тізімін" жасады: Кімге және не үшін бойкот жарияланды
Жазба астындағы пікірлерде Jah Khalib есімі көп кездеседі