Түркиядағы тек қазақтар тұратын Алтай ауылының бары анықталды (фото)
Түркияның Нигде провинциясының Улукишла аймағында тұратын қазақтар әлі күнге дейін өздерінің халықтық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін сақтап келеді. Олардың өмірі туралы фоторепортажды Anadolu басылымы дайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Анадолу
1955 жылы Шығыс Түркістаннан қоныс аударып, Ниғдеге тұрақтаған қазақтар әдет-ғұрпын сол күйінде сақтап, күнделікті ұстанып келеді.
Алтай таулары мен соның төңірегінен көшіп келгендіктен Ұлыкышла ауданында өздері ат басын тіреп, негізін қалаған ауылға Алтай деп ат қойған.

Фото: Анадолу
Жергілікті қазақтар қазір де ұлттық киімін киіп, ұлттық музыкалық аспабы — домбыра шертіп, той-томалағы мен жөн-жоралғысын жасап, ерекше дәстүрлі өмірін жалғастырып отыр.
165 шаңырақтан тұратын Алтай ауылы — Түркиядағы тек қазақтар мекендейтін жалғыз ауыл.



Қапшағайда гидроскутер "үрлемелі диванға" соқтығысты: Әйелдің қуығы жырылып, қыз есін жоғалтқан
15 жастағы қыздың жамбас сүйектері бірнеше жерден сынып, жадынан айырылған
Әріптесінің хабарламасы алматылықты тротуарға құлаған бетон плитадан құтқарып қалды
Оқиға кезінде ол әріптесінің хабарламасына жауап беру үшін бір сәтке тоқтап үлгерген