Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ForteBank Алматы облысындағы 900 орындық жаңа мектептің құрылысына қолдау көрсетті

ForteBank Алматы облысының Есік қаласында салынатын мектеп құрылысына қолдау көрсетуде. Бұл жобаны банк Болат Өтемұратов Қоры арқылы қаржыландырады және "Верный Капитал" компаниясының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Мектеп тапшы уақытта атқарылып жатқан бұл іс алдағы жазда аяқталып, қалалық әкімдікке тегін берілмек. Бұл қалаға қатынап, үш ауысымда оқитын облыстағы балаларға керемет жаңалық болмақ.  

Алматы облысында мектептерде жүктеме айтарлықтай байқалады. Мәселен, білім ордасының 53-і үш ауысымда жұмыс істейді.

"Өткен жылы отандық кәсіпкерлер мен меценаттарға "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында жаңа мемлекеттік мектептердің құрылысын қаржыландыруға өтініш білдірген едік. Бүгінде Болат Өтемұратовтың қолдауының арқасында Есік және Шелек ауылдарында екі мектеп салып жатырмыз", – деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Жобаның құны 8,1 млрд теңгеден асады.

Аумағы 12,5 мың м2 мектеп 900 оқушыға арналған. Оқу кабинеттерімен қатар демалыс орындарымен, оқу-өндірістік шеберханалармен, спорттық гимназиялармен, ақпарат орталығымен, зертханамен, шығармашылық студиямен және коворкинг алаңымен жабдықталады. Жаңа мектептің ашылуы Есік ауылында тұратын барлық балалардың Алматыдағы оқу орындарына күнделікті сапарларын айтарлықтай азайтады.

"Қазақстан халқының қарқынды өсіп келе жатқанына қуаныштымын. Сонымен қатар, қоғамның барлық салада пропорционалды өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыруға, бұл ретте балалардың білім алуына лайықты жағдай жасауға қол жеткізуіміз қажет. Жасыратыны жоқ, жаңа мектептердің құрылысы мемлекет бюджетіне ауыртпалық түсіреді. Сондықтан ForteBank Алматы облысына көмектесіп, сыйлық жасауға бел буды. Жаңа, заманауи мектеп салуға қаржы бөлдік. Ол жаңа технологиямен жабдықталып, ондағы жағдай балаларды оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдістеріне сәйкес келетін болады. Бұл біздің қоғамымыздың зияткерлік әлеуетін дамытуға қосқан үлесіміз", – деді ForteBank басқарма төрағасы Бекжан Пірматов.

Болат Өтемұратов Қорының төрағасы, доктор Алмаз Шарман Есік ауылында салынатын 900 орындық жаңа мектептің құрылысы бірнеше мәселені шешетінін жеткізді. Айтуынша, бұл бірінші кезекте балалардың танымдық қабілеттері мен психикалық дамуына кері әсерін тигізетін үш ауысымдық оқытуды жеңілдетеді. Сонымен қатар жас ұрпақтың физикалық денсаулығына оң әсер етеді. 

"Мектеп салу – әлеуметтік маңызды міндет. Оған "Верный Капитал" компаниясы, Forte Bank және Болат Өтемұратов Қоры мемлекеттік үлгідегі классикалық мектептерді емес, ультра заманауи білім беретін мектептерді құра отырып, орасан зор үлес қосуда. Бұл оқу орыны халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Тіпті кейбір жағдайларда асып түспек. Бұл балалардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай туғызатын заманауи және жабдықталған мектептердің құрылысы. Қосшыдан ілесе отырып, Есіктегі мектеп өзекті мәселелерді шешіп қана қоймай, балалардың білім алуына, денсаулығына оң ықпалын тигізетініне сенімдімін", – деді Алмаз Шарман.

"Біз мәдени құндылықтарды, әлеуметтік нормалар мен өмір философиясын жеткізуде білімнің құндылығына сенеміз. Саналы азамат болып тәрбиеленуде тек білім ғана емес, оқу ортасы да маңызды. Сондықтан жас ұрпақтың озық әлемдік тәжірибеге сай дамуына барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында орта және жоғары білім беру саласында инфрақұрылымдық жобаларды дәйекті түрде жүзеге асырудамыз", – деді "Верный Капитал" компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов. 

Талқылау