Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

FlyArystan 12 жастағы оралдық қызды ұшаққа жібермей қойғаны үшін ешкімді жұмыстан шығармаған

FlyArystan әуе компаниясы 12 жасар қызды бортқа кіргізбей, елордада жалғыз өзін қалдырғаны үшін ешкімді жазалаған жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Flyarystan.com

Әуекомпанияның президенті Ричард Леджер ешкім жұмыстан шығарылмағанын мәлімдеді.

"Біз қауіпсіздік процедурасының бұзылғанына қатты алаңдаймыз. Түзету шараларын қабылдау және балалар үшін жұмыс стандарттары мен процедураларын жақсарту үшін тергеуге тапсырыс берілді. Біз Қазақстанның еңбек заңнамасында көзделген шараларды қамтамасыз етеміз", – деді әуекомпанияның басшысы көлік министрлігінің брифингінде.



Әуекомпанияның басшылығы әлі тәртіптік шара қолданбады, өйткені тексеру әлі аяқталмаған деп қосты ол. Ричард Леджер де мұндай жағдай енді қайталанбайды дейді.

Еске салайық, бұған дейін FlyArystan әуе компаниясы 12 жасар қызды рейске мінгізбей, жалғыз өзін өзге қалада қалдырып кеткен еді. Оқиғадан кейін қыздың анасы әуекомпанияның қызметіне наразылық білдірген. Сөзінше, 20 шілдеде Зере және Зәуре атты егіз қызы Америкадан елге қайтқан. Олар сенімді өкілмен, бір топ баламен саяхаттаған. Қайтарда Астана арқылы транзитпен Оралға ұшуы керек болған, бірақ Зерені компания бортқа кіргізбей, тастап кеткен. 

Осы шудан кейін балаларды тасымалдау ережесі өзгеретін болды. 

Қырмызы Скендір
Сәрсенбі, 21 Тамыз, 2024 13:50