Федералдық тергеу бюросы Трампқа қастандық жасаған адамның кім екенін айтты
Федералдық тергеу бюросы Трампқа қастандық жасады деген күдіктінің есімін атады. Ол – 20 жастағы Томас Мэттью Крукс. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

13 шілдеде Пенсильвания штатының Батлер қаласының Бетел саябағында алаяқтар Трампқа сайлауалды науқан кезінде оқ жаудырды.
Күдікті науқан өткізілген аумақтан жүз метрдей жерде орналасқан үйдің шатырынан АР-15 жартылай автоматынан оқ атқан. Атыс нәтижесінде митингке келушілердің бірі қаза тауып, тағы екеуі жараланды. Зардап шеккендердің жағдайы ауыр.
Фото: svo.pressa24.ru
Дональд Трамптың құлағының жоғарғы жағына оқ тиген. Кадрлардан бұрынғы президенттің құлағынан және аузынан қан аққанын байқауға болады. Трамп сайлауалды штабының өкілдерінің айтуынша, оның жағдайы жақсы. АҚШ-тың бұрынғы президентіне қастандық жасады деген күдіктіні Құпия қызмет қызметкерлері атып өлтірді.
Айта кетейік, бұған дейін Пенсильвания штатында сайлауалды науқанда сөз сөйлеген АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың өміріне қастандық жасалған еді.
"Сан алуанын көрген соң жігіттерге қызығушылығым мүлде жоғалып кетті": Бодимассажбен айналысқан қазақстандық қыз бастан кешкенін айтты