Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Facebook негізін қалаушылардың бірі: Әлеуметтік желілер – миымызға зиян

Facebook желісінің негізін қалаушылардың бірі және экс-президенті Шон Паркер әлеуметтік желілердің дамуына үлес қосқаны үшін өкінетінін айтты, – деп хабарлайды Stan.kz.

Паркердің айтуынша, ол Марк Цукерберг және Instagram желісінің негізін қалаушы Кевин Систроммен бірге адамдардың әлеуметтік желілерге көп уақыт бөлуіне ықпал ететін әдістерді іздеген.

«Фотосурет немесе жазбаға қалдырылатын лүпіл белгілері мен пікірлер адам организмінде дофаминнің бөлінуіне ықпал етеді. Ол тағы да лүпіл мен пікір жинау үшін, адамдарды қайта-қайта сурет немесе жазба жариялауға мәжбүрлейді», – дейді Паркер.

Шон Паркердің сөзінше, желінің негізін қалаушылар адам психикасының ең әлсіз тұстарын пайдаланып жатқанын жақсы түсінген. Бірақ бұл оларға өз ісін жалғастыруға кедергі болмаған.

«Әлеуметтік желілер біздің басқа адамдармен, қоғаммен қарым-қатынасымызды өзгертеді. Ал балаларымыздың миына әсері қандай екені бір Құдайға ғана мәлім», – дейді Паркер.

Оқи отырыңыз:

Ғалымдар: Мысықтар балалардың демікпе ауруына шалдығуының алдын алады

Үкімет жасанды ұрықтандыруды тегін медициналық көмектің тізіміне кіргізбек

Фарида Жолдасова армандаған махаббаты туралы бар сырын айтты

Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы

Талқылау