Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: Мысықтар балалардың демікпе ауруына шалдығуының алдын алады

Мамандардың айтуынша, үйде мысық асыраған жағдайда, балалардың организмінде аурудың дамуына жауапты генотип түрінің белсенділігі жоғалады, – деп хабарлайды Stan.kz сайты.

Үйде мысық асырау жаңа туылған нәрестенің демікпе дертіне шалдығуының алдын алады. Копенгагендік балалар демікпесін зерттеу орталығының ғалымдары аталған тұжырымды алға тартты. Journal of Allergy and Clinical Immunology басылым зерттеу жұмысын жариялады.

Мамандар демікпе дертіне шалдығу қаупі бар 377 баланы зерттеген. Олардың байқауынша, балалар мен мысықтар бір жерде мекендегенде, бала организміндегі аурудың асқынуына «жауапты» ТТ-генотип түрінің белсенділігі төмендеген. Мұндай тәжірибеге итті де қатыстырып көрген. Алайда оның бала организміне ықпалы байқалмаған.

Аталған зерттеу жұмысына жауапты ғалым Якоб Стокхольм бұл құбылыстың мысықтағы зең немесе бактериялармен байланысты болуы мүмкін екендігін айтады. Сонымен қатар мысықтармен үйге енетін вирустардың әсері болуы да ықтимал. Алайда адам гені мен мысықтың арасында қандай байланыс бары әлі толық анықталмады.

Оқи отырыңыз:

Үкімет жасанды ұрықтандыруды тегін медициналық көмектің тізіміне кіргізбек

Фарида Жолдасова армандаған махаббаты туралы бар сырын айтты

Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы

Белгілі сықақшы Михаил Задорнов қайтыс болды

Талқылау