Еуропада коронавирустың жаңа штамы анықталды
Еуропада коронавирустың жаңа штамы – дельтакрон анықталды. Бұл жайлы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше аурулар бөлімінің техникалық топ басшысы Мария ван Керкхове мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ДДСҰ өкілінің сөзінше, жаңа штамм Францияда, Нидерландта және Данияда анықталған. Алайда дельтакронның жұғу деңгейі өте төмен екен.
"Дельтакрон омикрон мен дельта штамдарының қосылуынан туындаған", – деді брифинг барысында Мария ван Керкхове.
Керкхове бұл туралы 7 наурызда өткен ДДСҰ кездесуінде талқыланғанын айтты.
Дельта мен омикрон штамдарының қосылуынан туындаған жаңа штам жайлы алғаш рет Кипр университеті биология ғылымдары факультетінің ғалымдары қаңтар айында айтқан. Алайда бұл кезде ДДСҰ мұның тексеру кезіндегі қателік болуы мүмкін екенін алға тартқан.
Айта кетейік, шетелде коронавирус жұқтырып, карантинге жабылған қазақстандықтар өз кеңестерімен бөліскен еді.
Қазақстандық оқушыны спорттық аяқ киіммен барғаны үшін мектепке кіргізбей қойған
Анасы: "Жолда оған бірдеңе болып қалса ше? "
Алматы облысында ер адамды мопед қағып, көз жұмды: Туыстары іс қозғалмай жатқанына наразы
Алматы облысында ер адамды мопедпен қағып өлтірген жасөспірімге ешқандай іс қозғалмайды