"Еуропа мен Азия арасындағы кабельдер үзілген": Instagram мен Facebook желілерінің істен шығуының себебі белігілі болды
Instagram, Facebook және басқа да бірқатар қызметтердің істен шығыуына Қызыл теңіздегі Еуропа, Азия және Африка арасындағы байланыс кабельдерінің үзілуі себеп болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Ақаудың себебі туралы гонконгтық HGC Global Communications Limited байланыс операторы мәлімдеді.
Істен шыққан кабель желілері: Азия-Африка-Еуропа 1 (AAE-1), Europe India Gateway, Seacom және TGN. Зақымдалған кабельдер оңтүстік Қызыл теңізде орналасқан, Йеменнің юрисдикциясына жатады.
Израильдік Globes басылымының мәліметінше, Қызыл теңізде йемендік хуситтердің кезекті шабуылы нәтижесінде төрт су асты кабелі зақымданған. Бұл Еуропа мен Азия арасындағы интернет байланысының үзілуіне әкеліп соқты, ал негізгі шығын Парсы шығанағы елдері мен Үндістанда тіркелген.
Еске салсақ, бүгін әлем бойынша Instagram мен Facebook желілерінің істен шыққаны туралы жазған едік.
2024 жылғы Қазақстан қалаларына арналған ораза кестесі жарияланды
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен