Еуропа Лигасына өте алмаған "Қайрат" клубының бас бапкері отставкаға кетті
"Қайраттың" бас бапкері Кирилл Кекер "Алашкерттен" жеңілгеннен кейін отставкаға кеткісі келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Өкінішке қарай, біз өзімізге сәйкес келетін нәтижеге қол жеткізе алмадық. Осыған байланысты мен бас жаттықтырушы қызметінен кетуге шешім қабылдадым. Клубқа маған деген сенімі үшін және негізгі құраманың бас бапкері ретінде жұмыс істеу мүмкіндігін сыйлағаны үшін алғыс айтамын", – деді Кекер.
Клуб команданы Каспиймен болатын кубок матчына Артем Гавриленконың дайындайтынын мәлімдеген.
"Қайрат" еурокубок жолын Чемпиондар Лигасының бірінші турынан бастады. Олар "Маккабиді" басып озып, "Црвена Звезда" клубынан жеңіліп қалды.
Армениялық "Алашкерттен" ұтылғанға дейін олар Конференциялар лигасына аттанған.
"Қайрат" клубында бұл маусымда екі бапкер ауысып кетті. Осыған дейін Алексей Шпилевскиймен жасалған келісімшарт бұзылған болатын.
"Көзқарастары ескі": Қазақстан мұғалімдерінің қартаюы білім жүйесін әлсіретіп отыр ма?
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады