Еуропа коронавирусқа байланысты Қазақстанды қауіпті деп таныды
Еуроодақ COVID-19 инфекциясы жоғары деңгейде тарап жатқандықтан Қазақстанды қауіпті деп атады. Қазақстан жақын арада еуропалық шекарадан өте алатын елдер тізіміне енген жоқ.

ЕО кеңестен кейін 1 шілдеден бастап кіруге рұқсат етілген 14 елді атады. Олар: Алжир, Австралия, Грузия, Канада, Марокко, Жаңа Зеландия, Руанда, Сербия, Таиланд, Тунис, Уругвай, Черногория, Оңтүстік Корея және Жапония.
Дипломаттар бұл шешім саясаттандырылмайтынына және ғылыми дәлелдер мен еуропалықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген ұмтылысына негізделген деп сендіреді. Сондай-ақ, ЕО «қауіпсіз» елдердің тізімі екі апта сайын қайта қаралатынына сендіреді.
Бұл тізімге кірудің негізгі критерийі - коронавирустық инфекция ЕО жағдайына ұқсас немесе одан жақсы болуы керек. «Қауіпсіз» елдердің азаматтарына проифлактикалық шараларды сақтау туралы талаптар қойылады.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған