Еуроодақ Украинаға көмегін қысқартады

Фото: Pixabay.com
Еуропалық Одақ Украинаға 4,5 миллиард еуро көлеміндегі көмек қорынан 1,5 миллиард еуроны ұстап қалатынын мәлімдеді. Ол Украина үкіметінің басқару стандарттарына байланысты дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алайда басылымдар бұл шешімнің түпкілікті емес екенін, егер Украина белгілі бір стандарттарға сай болса, қаржыландыру қайта басталуы мүмкін екенін мәлімдеді.
"Зеленский бұл көмек көлемінің азайғанын жария түрде түсіндірмеді. Дегенмен бұл жағдай Украина басшысы үшін сәтсіздік болды. Себебі ол соғысты жүргізу үшін Еуропаның қаржылық қолдауына тәуелді. Бұл қолдау Трамп әкімшілігінің әскери көмек көрсетуден бас тартуынан кейін қажет болды", – делінген New York Times басылымында.
Еске салсақ, АҚШ Украинаға қайтадан әскери көмек беретіні айтылды.
"Мәйіттің арқасы көгерген": ҚазҰУ-да жатақханадан өлі табылған студенттің анасы қызының өліміне қатысты күмәнін айтты
Қыздың анасы қызының өліміне қатысты барлық мән-жайдың анықталып, шындықтың ашылғанын қалайтынын айтты
Қара түтінге шағымданған алматылыққа зертханалық сараптаманы өзі жүргізу талап етілген
Ғимарат Қарасу шағын ауданында орналасқан