Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуродақ Ресей ұшақтары үшін өз әуе кеңістігін толығымен жапты

Еуроодақ Ресей ұшақтарына өз аумағы арқылы ұшуға толығымен тыйым салды. Енді ресейліктер Еуропаға ұша алмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

еуроодақ

Еуроодақ Ресейдің Украина жерінде бастаған арнайы операциясына жауап ретінде жаңа санкциялар енгізді. Бұл туралы 27 ақпанда Еурокомиссия мүшесі Урсула фон дер Ляйен Брюсселде өткен баспасөз отырысында мәлімдеді. 

"Біз Еуроодақ әуе кеңістігін ресейлік ұшақтар үшін жабамыз. Тыйым барлық Ресей иелік ететін және Ресейде тіркелген ұшақтарға қатысты. Бұл ұшақтар Еуроодақ аумағында ұша алмайды және қонуға рұқсат берілмейді", - деді ол. 

Ресейлік әуекомпаниялардың ұшуына алғаш болып Польша, Чехия мен Болгария 26 ақпанда тыйым салды. 



"Мен министрлер кеңесіне әуе кеңістігін ресейлік ұшақтар үшін жабу туралы қаулы дайындауға бұйрық бердім", - Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий. 

Ал Чехия премьер-министрі Петр Фиала әуе кеңістігін жабу туралы шешімге пікір білдіріп, мұның бейбітшілікті сақтау үшін жасалғанын айтты. 

Ұлыбритания санкция тізіміне "Аэрофлотты" да қосқан. 26 ақпанда транспорт министрі Грант Шаппс тыйымның барлық ресейлік ұшақтарға қатысты екенін мәлімдеді. Әуе кеңістігін соңғы болып жапқандардың бірі – Германия. 

Айта кетейік, бұған дейін Ресей SWIFT жүйесінен ажыратылған еді. Сонымен қатар Германия министрлер кабинетінде Ресей активтерін бұғаттау да жоспарланып отырғанын мәлімдеген. 

Талқылау