ЕУРО-2024: Португалия мен Франция арасындағы жеңімпаз пенальти сериясында анықталды
2024 жылғы Еуропа чемпионатының жартылай финалына шыққан екінші құрама белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Gettyimages.ru/
Еуропа чемпионатының ширек финал аясында Португалия мен Франция құрамасы кездесіп, негізгі уақытта да, экстра-таймда да гол соғылған жоқ. "Имтех Арена" стадионында өткен матчта қос құрама 120 минут бойы гол сала алмай, мәселенің барлығында пенальти сериясында шешті. Португалия құрамасының ойыншысы Жоау Феликс 11 метрлік айып добын тебуден мүлт кетіп, Франция құрамасы 5:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша француздар жартылай финалға жолдама алған екінші команда атанды.
Айта кетейік, бұған дейін Испания құрамасы Германияны экстра-таймда жеңіп, жартылай финалға шыққанын жазған едік. Енді қос құрама 9 шілде күні финалға жолдама алу үшін жолығады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі

