Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЕУРО-2024: Испания Италияны ұтып плей-офқа шықса, Англия Даниямен тең түсті

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында B және С тобындағы құрамалар екінші кезең аясындағы ойындарын өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: x.com/EURO2024

Англия мен Дания құрамасы Франкфурт-на-Майне қаласындағы “Deutsche Bank Park” стадионында Еуропа чемпионаты аясындағы екінші ойындарын өткізді. Алғашқы ойында минималды есеппен жеңіске жеткен ағылшындар бұл жолы Дания құрамасымен тең түсті. Англия құрамасының шабуылшысы Гарри Кейн 18-минутта есеп ашқанымен даниялықтар 34-минутта есепті теңестіріп кетті. Ал екінші таймда нәтижелі шабуыл болмай, ойын 1:1 есебімен аяқталды. Осылайша, С тобында Англия 4 ұпаймен көш бастаса, Дания құрамасы екінші орында тұр.

В тобының басты фавориттері саналатын Испания құрамасы мен Италия өзара мықтыны анықтады. “Фельтинс-Арена” стадионында өткен матчта Испания құрамасы минималды есеппен жеңіске жетті. 90 минут бойы толассыз шабуыл ұйымдастарған испандықтар Италия құрамасынан бір бас жоғары екенін көрсетті.

Ойынның 55-минутында Риккардо Калафьори өз қақпасына гол соғып, Испанияның жеңісімен аяқталды. Осылайша, Испания құрамасы 6 ұпай жинап, плей-офф кезеңіне өтті. 

Айта кетейік, бұған дейін Еуропа чемпионатының екінші кезең аясында  Хорватия мен Албания тең түсіп, Германия екінші жеңісіне қол жеткізгенін жазған едік.      

Талқылау