Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЕУРО-2021: Италия мен Уэльс плей-оффқа шықты

Футболдан Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің үшінші тур ойындары басталды. 

Өткен аптада плей-оффтың мәселесін шешіп қойған Италия үшін бұл ойында тең есеп те жеткілікті болды. Пессинаның алғашқы таймда соққан голынан соң италиялықтар сақ ойнап, есепті ұстауға тырысты. Ал Уэльс болса қарсыласының қорғанысын бұза алған жоқ.

Италия – Уэльс 1:0

Гол: Пессина 39 (1:0)

Алаңнан қуылды: Ампаду 55 (Уэльс)

 

Алғашқы екі кездесуінде 5:0 доп айырмасын жеңілген түріктер бұл матчта қайтсе де ұпай алуы қажет еді. Төрешінің ысқырығынан кейін бірден шабуылға көшкен Түркия құрамасы мачтағы есепті аша алмады. Керісінше қарымта шабуылдың бірінші гол жіберіп алды. Одан кейін Шакири есепті еселей түсті. Тек екінші таймда түріктер Еуропа чемпионатындағы алғашқы голын соқты. Алайда бұл голдың еш көмегі тимеді.

Швейцария – Түркия 3:1

Голдар: Сеферович 6 (1:0), Шакири 26 (2:0), Кахведжи 62 (2:1), Шакири 68 (3:1)

Талқылау