AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЕУРО-2020: Италия мен Испания финалдың жолдамасын сарапқа салады

Әне-міне дегенде футболдан Еуропа чемпионатының жартылай финалы басталғалы жатыр. Финалға бір қадам қалған кезеңде Италия мен Испания және Англия мен Дания кездеседі.

Италия - Испания 

Италия өткен кезеңде Бельгияға қарсы өткен матчта Леонардо Спинаццоладан айырылды. Роберто Манчини алдағы матчта негізгі құрамның ойыншысын ауыстыру қажет. Жарыс басталғаннан жоғары деңгейдегі ойын көрсеткен ол қорғаныс шебінің нағыз тас қамалына айналып үлгерді. Испания құрамасының сапында бәрі қатарда. Жартылай финалда алаңға тек Пабло Сарабии шыға алмауы мүмкін. 

Испания топтық кезеңде қарсылас шақ келтірмей, ірі жеңістерге жеткен. Плей-оффта әр кезеңнен өткен сайын ойындары қиындай түсті. Хорватияны қосалқы уақытта жеңсе, Швейцариядан пенальти сериясында басым түсті.

Италия да топта қақпасына гол жібермей, бірінші орынмен шыққан. 1/8 финалда Аустрияны қосалқы уақытта жеңіп, Бельгияға қарсы ауыр матчта 1:2 есебімен басым болды. 

Қызық фактілер:

  • Қос құраманың Еуро-2016 турнирінде 1/8 финалда жолдары түйісіп, Италия 2:0 есебімен жеңіске жетті.
  • Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бір топқа түсіп, бір матчта тең түссе, екіншісіне Испания басым болды.
  • Құрамалар 37 мәрте кездескен: екеуінің қоржынында 11 жеңістен бар, қалған 15 ойында тең түскен.
  • Қос құрама осымен төртінші Еуропа чемпионатында кездеседі.
  • Италия Еуропа чемпионатын бір мәрте жеңіп алса, Испания Кубокты үш рет иемденген.

БУКМЕКЕР НЕ ДЕЙДІ?

1xBet букмекерінің матчқа ұсынған коэффициенттері:

Италияның жеңісі – 5.80

Тең нәтиже – 3.88

Испанияның жеңісі – 1.69

ҚАЙДАН КӨРУГЕ БОЛАДЫ? 

Матч 7 шілде күні "Уэмблиде" өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады. Матчтың тізгінін неміс төрешісі Феликс Брых ұстайды. Кездесуді Qazaqstan арнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр