Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЕУРО-2020: Дания 30 жыл бұрынғы жетістігін қайталай ала ма?

Бүгін футболдан Еуропа чемпионатының екінші жартылай финалы өтеді. Бұл жұпта Англия мен Дания финалдың жолдамасы үшін таласады.

Англия құрамасының сапында жарақат алған футболшылар жоқ, ал Данияда жетекші ойыншысы Кристиан Эриксен алаңға шықпайды. 

Топтық кезеңнен бастап жартылай финалға дейін ағылшындар қақпасына бірде бір гол жібермеген. Англия өзінің тобында Чехия мен Хорватияны жеңіп, Шотландиямен тең түскен. Одан кейін плей оффта Германиядан, артынша Украинадан басым түсті.

Дания топтық кезеңде Финляндия мен Бельгиядан ұтылып, Ресейді жеңген. Осының арқасында келесі кезеңге өтті. Плей оффта Уэльс пен Чехиядан айласын асырды.

Қызық фактілер 

  • Англия мен Дания өзара 21 мәрте кездескен. Төрт матч тең аяқталса, 12 ойында Англия басым болған
  • Ұлттар лигасында екі ойын өткізіп, біреуінде командалар тең тарқасса, екіншісінде Дания жеңіске жеткен.
  • Дания топ жарған 1992 жылғы Еуропа чемпионатында қос құрама тең ойнаған.
  • Англия осымен оныншы құрлықтық жарысына қатысып отыр, бірақ бір мәрте ғана жүлдегерлер қатарынан көрінген.

Негізгі құрам:

БУКМЕКЕР НЕ ДЕЙДІ?

1xBet букмекерінің матчқа ұсынған коэффициенттері:

Англияның жеңісі – 1.78

Тең нәтиже – 3.64

Данияның жеңісі – 5.40

ҚАЙДАН КӨРУГЕ БОЛАДЫ? 

Матч 8 шілде күні "Уэмблиде" өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады. Матчтың тізгінін нидерланд төрешісі Данни Маккели ұстайды. Кездесуді Qazaqstan арнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Талқылау