ЕУРО-2020: “Кіші финалда” Бельгия мен Португалия кездеседі
Бүгін футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалының екінші күн ойындары өтеді. Жасыл алаңда Нидерланды Чехиямен, ал Бельгия Португалиямен күш сынасады.
Нидерланды – Чехия
Өтетін орны: Венгрия. Пушкаш атындағы стадион
Басталуы: 22:00
Франко ду Бур тізгіндегелі Нидерланды құрамасының ойыны қарымды бола түсті. Топтық кезеңде голландиялықтардан көп соққан құрама жоқ. Нидерланды ұпайдан шашау шығармай, қарсыластарының қақпасын сегіз мәрте дәл көздеген.
Чехия болса топтан үшінші орынмен шықты. Шотландияны жеңіп, Хорватиямен тең түскен чехтарда бұл матч қиынға соғатыны анық. Дегенмен, жанкүйерлерді тарысты ойын күтіп тұр.
1xBet букмекерінің матчқа ұсынған коэффициенттері:
Нидерланды жеңісі – 1.71
Тең нәтиже – 3.84
Чехия жеңісі – 5.65
Бельгия – Португалия
Өтетін орны: Севилья. Ла Картуха стадионы
Басталуы: 01:00
Плей-офф кезеңіндегі ең тартысты матч. Жанкүйер мұны кіші финалға балаған. Өйткені Бельгия әлем құрамаларының рейтингінде көш бастап тұрса, Португалия өткен Еуропа чемпионатының жеңімпазы.
Топтық кезеңде Бельгия бірінші орын алды, ал Португалия “өлім” тобында үшінші жолдамаға ие болды. Букмекер бұл ойында бельгиялықтарды сәл де болсын фаворит санайды екен.
1xBet букмекерінің матчқа ұсынған коэффициенттері:
Бельгия жеңісі – 2.51
Тең нәтиже – 3.32
Португалия жеңісі – 3.16