ЕУРО-2020: Әлем чемпиондары жарыс жолынан шығып қалды
Футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалы төртінші ойын күні қызыққа толы болды. Испания мен Хорватия матчында 8 гол соғылса, Франция жеңісті уысынан шығарып алды.
Әлемнің вице-чемпиондары Хорватия мен соңғы ірі жарыстарда сәтсіз ойнап жүрген Испания құрамасы кездесті.
Матч голға толы болды. Ойынның негізгі уақытында құрамалар тең түсті. 3:3 есебімен аяқталған матч овертаймға жалғасқан. Қосымша қосылған жарты сағатта испаниялықтар мықтылығын дәлелдеп, жауапсыз екі гол соқты.
Еуропа чемпионаты-2020. 1/8 финал.
Хорватия - Испания - 3:3 (0:0). Овертайм - 3:5
Гол соққандар: Педри, 20 - автогол (1:0); Сарабия, 38 (1:1); Аспиликуэта, 57 (1:2); Ферран Торрес, 77 (1:3); Оршич, 85 (2:3); Пашалич, 90+2 (3:3), Мората 100 (3:4), Оярсабаль 103 (3:5)
28 маусым. Копенгаген. "Паркен" стадионы
Франция мен Швейцария арасындағы матч та драмаға толы болды. Негізгі уақыт 3:3 есебімен тең аяқталып, ойын экстратайм ұласты. Қосымша уақытта да жеңімпаз анықталған жоқ. Пенальти тебуде Швейцарияның жолы болды.
Франция – Швейцария 3:3 (0:1)
Голдар: Бензема 57, 59, Погба 75 – Сеферович 15, 81, Гавранович 90.
Экстратайм – 0:0.
Пенальти сериясында – 4:5.
28 маусым. Бухарест. "Арена Националэ".