Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЕУРО-2020: Ағылшындар есесін қайтарса, Нидерланды әупірімдеп жүріп жеңіске жетті

Футболдан Еуропа чемпионатының үшінші ойын күнінде күтпеген нәтиже мен оқыс оқиға болмады.

Бірінші тур аясында өткен Англия – Хорватия матчында ағылшындар әлем чемпионатында кеткен есесін қайтарды. Кездесудің тағдырын шешкен жалғыз голды Стерлинг соқты. Осылайша, әлем чемпионатында кеткен есесін Англия қайтарып, D тобында алғашқы орынға көтерілді. 

D тобы. 1 тур.

Англия – Хорватия – 1:0 (0:0)

Гол: Стерлинг 57 (1:0)

 

С тобында Аустрия құрамасы Еуропа чемпионатына алғаш шыққан Солтүстік Македониямен кездесті. Бұл матчта Аустрия өзінің тәжірибесінің арқасында қарсыласы жеңді.

Алғашқы таймда қос құрама бір-бір голдан соқса, ойынның екінші бөлігінде Аустрия мықтылығын дәлелдеп қарсылас қақпасын екі мәрте дәл көздеді.

С тобы. 1 тур.

Аустрия – Солтүстік Македония – 3:1 (1:1)

Голдар: Лайнер 18 (1:0), Пандев 28 (1:1), Грегорич 78 (2:1), Арнаутович 90 (3:1)

 

Нидерланды мен Украина құрамалары арасындағы матч тартысты өтті. С тобының екі командасы алғашқы таймда гол соқпағанымен, ойынның екінші бөлігі голға толы болды. Алдымен Голландия қарсыласының қақпасына екі гол соғып, жеңіске жақындағанымен, Украина таразы басын теңестіре алды. Дегенмен ойынның соңында Нидерланды жеңісті жұлып алды.

Нидерланды – Украина – 3:2 (0:0)

Голдар: Вейналдум 52 (1:0), Вегхорст 58 (2:0), Ярмоленко 75 (2:1), Яремчук 79 (2:2), Дюмпфрис 85 (3:2)

Талқылау