Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Есту қабілетім төмендеп кетті": Балжан Бидаш құлағы мен мұрнына ота жасатты

Балжан Бидаш құлағы мен мұрнына ота жасатты. Денсаулығы сыр берген әнші Түркияда ем алып келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Балжан мұрын мен құлақ ауруынан ұзақ уақыт қиналғанын айтады. Әнші тіпті 24 сағат бойы дәріге тәуелді болып қалған. Жаны қысылғанда дәрігерге қаралған ол бұл жағдайдан шығудың жалғыз жолы ота екенін біледі. 

"Бір күні құлағым қатты ауырды. Дәрігерге "тезірек бірдеңе жасаңыз" деп жылап бардым. Құлағымның пердесі (барабанная перепонка) баяғыда жарылып кеткен екен. Оны білмей, уақыт өткізіп жүріп, оның үстіне құлағыма су кіргізе бергенмін. Мұндай жағдайда су тигізуге болмайды. Менікі сол душтан шыққан соң қатты ауырып белгісін берді. Сол ауырғаны әлі есімнен кетпейді. Дәрігер операциямен құлақтың пердесін бітеу керектігін айтты. Уақыт өте келе есту қабілетім де төмендеп кетті.



ЕСКЕРТУ: Егер құлақтың пердесі тесік болса, оны бітетпесеңіз, ішіне шаң-тозаң, микроб, инфекция кіріп миға баруы мүмкін! Уақыт өте құлағыңыз естімей қалуы мүмкін", - деп бөлісті Бидаш.
Одан бөлек, әнші мұрнындағы ақау жайлы айтты. 

"Аллергозолсыз өмір сүре алмай кеттім. Аллергияның белгісі болмаса да, мұрным бітеліп, жанымда 24 сағат жүретін спрей құтқаратын. Түнде демала алмай шошып оянып, спрей жоқ болса түн ортасында дәріханаға баруға тура келетін. Спрейді сеуіп, сеуіп, мұрным қызып кететін. Таныс жағдай ма?

Дәрігердің айтқаны: "Сенікі спрейге тәуелділік, 3 күн қиналсаң да, спрей сеппей жүрсең, ары қарай басылып, спрей шашуды ұмытасың" деді. Шыдадым. 3 күн спрейсіз 3 айға барды. Иә, басылды, қойды. Бірақ қайта басталды. Неше түрлі емдердің түрін көрдім. Болмады. Ыстамбұлға келіп қаралғанда ішіне ет өскен, лазермен кішірейту керек, сол кезде спрейді ұмытасыз деді", - дейді Балжан.

Әнші ақырында мұрны мен құлағына қатар ота жасатып, бұл дертінен айыққан. 

"Қазір құлағымның естуі жақсарды, мұрныммен терең демалатын болдым. Yeees", - деп қуанды ол.

Талқылау