Есмағамбетова елімізде демалыс күндері неліктен карантин сақталатыны жайлы айтты
Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елімізде демалыс күндері неліктен сақталатынын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Не себепті демалыс күндері карантин сақтаймыз? Бірінші мақсат – қол жеткізілген көрсеткіштердің оңтайлы динамикасын сақтау. Инфекцияның таралуында басты себеп не? Ол - адамдардың қарым-қатынасы. Өздеріңіз жақсы білесіздер, демалыс күндері адамдардың өзара қарым-қатынасы көбейеді, тұрғындардың сапарға шығуы артады", - деді Есмағамбетова.
Еске салайық, еліміздің аумағында карантин шаралары 17 тамыздан бастап жеңілдетіледі.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды