Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 17 тамыздан бастап карантин қалай жеңілдетіледі

17 тамыздан бастап елімізде карантин шаралары қалай жеңілдетілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді. Ол қандай нысандар дүйсенбіден бастап жұмысын жандандыратынын айтты. 

"Қазір жұмыс жасап жатқан нысандар 17 тамыздан ары қарай қызметтерін жалғастырады. Ол нысандарға қосымша сауда орталықтары мен сауда үйлерінің қызметі жанданады. Егер осы уақытқа дейін орталықтарда тек дәріханалар мен азық-түлік дүкендері ғана жұмыс жасаса, дүйсенбіден бутиктер ашылатын болады. Сауда желілері мен жабық базарладың да жұмыс жасауына рұқсат беріледі. Сұлулық салондары, спа орталықтар, шаштараздар да жұмысын бастайды", - дейді Есмағамбетова. 

Сонымен қатар, бас санитарлық дәрігер жұмысын жандандыратын нысандарға қандай талап қойылатынын айтты. Енді тек бизнес иелеріне ғана емес, тұтынушыларға да арнайы ережелер бекітілетінін жеткізді.

"Бұл нысандардың барлығына белгілі бір қатаң талаптар қойылатын болады. Бұл талаптардың орындалуы қатаң бақыланады. Бизнес иелері және тұтынушылар менк келушілер санитарлық талаптарды сақтай отырып, жұмыс істей алады", - дейді Есмағамбетова.

Талқылау