Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ескі Қазақстандағы алкоголь нарығы Болат Назарбаевтың қолында болды - Депутат

"Ақ жол" фракциясының депутаты Ержан Бейсенбаев ескі Қазақстандағы алкоголь нарығы Болат Назарбаевтың қолында болғанын атап өтіп, сондықтан тауарларды міндетті түрде таңбалау талабы бұл өнім түріне жатпайтынын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Болат Назарбаев

"Қазақстанда аяқ киім және басқа да көптеген тауарларды таңбалау енгізілді. Алайда үкімет көлеңкелі нарықтағы ең көп үлеске ие алкогольді таңбалаудан бас тартты. Ескі Қазақстандағы алкоголь нарығы Болат Назарбаевтың қолында болғаны белгілі. Мүмкін қарапайым кәсiпкерлердi қосымша ақы төлеп қанағанымен, оларға тиіспеуінің себебі осы шығар", – дейді депутат премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің атына жолдаған сауалында.



Бұл ретте депутат цифрлық таңбалау көлеңкелі нарықты қысқартуға әсер етпейтінін және тауардың жолы мен сапасын анықтайтын құрал емес екенін түсіндіреді. Оның үстіне оны жүзеге асыру тауар құнының орта есеппен 20 пайызға өсуіне әкелді дейді ол.

"Кәсіпкерлер таңбалаудың нақты құны тауар бірлігіне 550 теңгеден 3500 теңгеге дейін екенін айтады. Яғни қымбат емес аяқкиім 20-30 пайызға қымбаттап, бұл өз кезегінде аз қамтылған тұтынушылардың жағдайын қиындатты", – дейді Ержан Бейсенбаев.

Депутат тауарларды міндетті түрде таңбалауды тоқтатуды талап етті.

Талқылау