Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ұзын-сонар кезек пен лас дәретханалар": Қазақстандықтар Алматы әуежайындағы жаңа терминал қызметіне жаппай шағымданды

Қазақстан жолаушылары Алматы халықаралық әуежайындағы жаңа терминалда ұзын-сонар кезек болатынын және талапқа сәйкес жасалмағанын айтып, шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото Роза Есенқұлованың желідегі парақшысынан скриншот жасалған

Facebook қолданушысы Камила Мағзиева Алматының жаңа әуежай терминалы – барып тұрған масқара екенін айтты.

“Дәп осы, мүлдем талапқа сай жасалмаған. Әлдебір ангар сияқты. Логикалық түрде бірде-бір дұрыс ақпарат берілмеген. Қазақстан азаматтары үшін төлқұжаттық бақылау туралы жеке ақпараттың жоқтығын айтпағанда, жолды табу қиын. Ал ұзын-сонар кезектің қалай болғанын айтпай-ақ қояйын. Бір мезгілде 6 немесе 7 халықаралық рейс келді”, – дейді ол. 

Оның айтуынша, әуежайдың ластығы сонша, дем ала алмайсың. 

“Ұшып келу залындағы жалғыз дәретханада 10 дүңгіршектің 3-еуі ғана ашық тұр. Лас дәретханалардың бәрі адам шошырлық жағдайда тұр”, – деді оқырман.

  • Қағаз, сабын жоқ, кір... 
  • Эскалатор лифті мүлдем жұмыс істемейді. 
  • Станциядағы төбенің неліктен ашық және жай ғана тормен жабылғаны әлі белгісіз.
“Таллиннен Ыстамбұл арқылы ұштық. Онда біздің рейс 3 сағатқа кешігіп, қандай да бір форс-мажорлық жағдай туралы хабардар етті. Шынымды айтсам, Таллин мен Ыстамбұл порттарындағы тамаша қызмет көрсетуден кейін туған елім үшін ұяламын. Бұл көз жасын төгетіндей, жүректі ауыртатындай ұят”, – деді желі қолданушысы Камила Мағзиева.

Фото Камила Мағзиеваның желідегі парақшасынан алынған

Ал Андрей Андреев әуежайдың жаңа терминалы “жаңа” және “ескі Қазақстан” сияқты, бірақ бәрі сол қалпында қалғанын айтты.

“Вокзалдағыдай темірден жасалған қатты орындықтар, шығыңқы сымдар, өлшемі жоқ таразылар, жұмыс істемейтін есіктерді қолмен ашуға тура келді. Оған қоса әуежай қызметкерлері сізге бірнәрсе тиісті адамдай көзқараста қарайды. Бірақ тіркеу кезінде таразыға ерекше риза болдым. Тіпті таразы бос болған күннің өзінде 6 келі көрсетіп тұрады. Ал енді мынаны кәдеге жаратыңыз! Егер сіз оны аяғыңызбен бассаңыз, үшінші фотодағыдай аз салмақты көрсетеді. Минус 2 келі нәтижеге қол жеткізе алдым, алайда фотоға түсіріп үлгермедім. Сондықтан сіздің жүгіңізде азғана артық салмақ болса, аяғыңызды таразының түбіне басып тұрсаңыз, артық салмақ болмайды. Жалпы оларға сенуден қалдым. Себебі бір чемодан әртүрлі салмақты көрсетті, тіке тұрса көп, ал шалқасынан аз келі көрсетіп тұр. Осылайша жаңа халықаралық терминалға қош келдіңіз!” – деп шағымданды алматылық Андрей Андреев.

Фото Андрей Андреевтің желідегі парақшасынан алынған

Тағы бір Алматы тұрғыны Әйгерім Мұқатаева жаңа терминалдағы бассыздық туралы айтып берді.

“Бұл сұмдық достар! Біз жаңа терминалдан ұшып жатырмыз. Тіркеліп қойсаңыз да, ұшар алдында 3 сағат бұрын ерте келіңіз. Кезектер  туралы сөзім жоқ. Паспорт терминалына бару үшін 2 жерден өтіп, 3 қатарлы кезекке тұрдық. Тырнақ астынан кір іздегім келмейді. Бірақ балалармен барсаңыз, тіпті, бөлек әңгіме... Ал болашақта мына алдын ала тіркеуге сенбей-ақ қойыңыз", – деп жазған Әйгерім Мұқатаева.

Фото Әйгерім Мұқатаваеның желідегі парақшасынан скриншот жасалған

Алматы халықаралық әуежайында болған келеңсіздіктерге байланысты компанияның баспасөз қызметі жауап берді.

“25 маусымда Алматы әуежайының жаңа терминалының аумағына пресс-тур мен тұсаукесер өтеді. Пресс-тур жаңа терминалдың барлық өзекті мәселелерін қамтып, ақпарат береді”, – деп түсіндірді әуежайдың баспасөз қызметі.

Талқылау