"Ештеңе қалмаған": Ұшқыш Каспий теңізінің қаншалықты тартылып кеткенін көрсетті (видео)
Әлеуметтік желіде Каспий теңізінің қаншалықты тартылып кеткенін көрсетететін бейнежазба пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бейнежазбада S7 Airlines әуе компаниясының ұшқышы теңіз картасы бар ұшақ экранын көрсетеді, карта бойынша су бетімен ұшып келе жатуы керек екенін айтады. Содан кейін ол камераны терезеге бұрып, теңіздің жағдайын көрсетеді.
“Картаға қарасаңыз, Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде бұл жерде су болуы керек. Біз қазір жақындап келеміз, бұл жерде бір шығанақ болуы керек. Шындығында ештеңе жоқ, ештеңе қалмаған. Барлығы құрғап кеткен. Су жоқ", – дейді бейнежазба авторы.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі