Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Ешқашан балалы бола алмайды...»: Мирас Құралай екеуінің күні-түні жылаған сәттерінің көп болғанымен бөлісті

Мирас пен Құралай көпбалалы ата-ананың қатарында екені белгілі. Алайда ерлі-зайыптылар алдағы уақытта да сәбилі болғылары келетіндерін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мирас Құралай
«Естіген де, естімеген де бар шығар. Құралай екеуміз отбасын құрғанда біраз уақытқа дейін бізде бала болмады. Төрт жылдан кейін Құралайға «ешқашан балалы бола алмайды» деген диагноз айтылды. Мұны естіген Құралай үйге жылап келді. Ол кезде біз Ақтөбеде тұратын едік. Бірде маған «Мені туған жерім Семейге жібер. Сен денсаулығы бар қызға үйленіп, үбірлі-шүбірлі бол» деп айтты. Менің тағдырым үшін өзін қиып, ауылына қайтуға дайын тұрды. Біздің күні-түні жылаған күндеріміз көп болды. Қазір айту оңай көрінеді. Бірақ мұндай сәттерді бастан кешіргендер түсінеді. Тіпті ешкімнің басына бермесін. Бәрі Алланың қалауы ғой. Құдайға шүкір, қазір төрт баламыз бар», – дейді Мирас.

Айтуынша, көпбалалы ата-ана болуға қарсы емес екен. Оған да дайынбыз дейді.

«Төрт баламызды көп демейміз. Сол себептен егер Алла беріп жатса, әлі де сәбилеріміз дүниеге келер», – дейді әнші.

Сұхбатты сайтымыздың YouTube-каналымыздан көруге болады
 

Талқылау