Директоры Ернардың жол апатынан кейінгі жағдайы туралы айтты
Ернар Айдардың жол апатына ұшырағанын естіген соң желіде дау туды. Баз біреулер ақпаратты әншінің фан-клубы таратқандықтан, оның рас-өтірігене сенбей отыр.
Мәселенің мән -жайын Ернар Айдардың әкімшісі Әйгерім Stan.kz тілшісіне айтып берді.
Әкімшісі Ернардың жол апатына ұшырағанын растады. Қазіргі уақытта Ернар аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр екен. Ота жасалған. Алайда оның өміріне әлі де қауіп төніп тұрған көрінеді.
“Оның денсаулығына қатысты ештеңе айта алмаймыз. Жан сақтау бөлімінде жатыр. Ешкім ештеңе айта алмайды. Ернардың өміріне алаңдап, дұға жасап отырған халыққа рақметімізді айтамын. Қазір тек күту керек. Бір өзгеріс болып жатса міндетті түрде хабарлап, Ернардың тыңдармандарына жеткізетін боламыз. Қазірге, оған бір ота жасалды. Оның өзінің қалай шыққанын біле алмай отырмыз”, – деді Әйгерім қысқа қайырып.
Есте болса, Ернар Айдардың жол апатына ұшырағанын жазған едік.
Жіберіп алмаңыз:
Асхат Тарғынның 9 млн теңге жұмсаған тойы қалай өтті? (фото, видео)
Асхат Тарғынның тойындағы қонақтарды екі тамада әрең игерді (фото,видео)
Танымал екі тележүргізуші отбасын құрды (видео)
Дәурен мен Ақбота Алланың қалауымен қосылғандарын айтты (фото)
Диана Шарапова: Әйел еріне адалдық, қолдау және секс беруі тиіс