Ерлан Тұрғымбаев қаңтар оқиғалары бойынша күдікті емес – Бас прокуратура
Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қаңтардағы тәртіпсіздіктер бойынша күдікті емес, деп мәлімдеді Бас прокуратура. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев күдікті емес. Одан Бас прокуратураның Ведомствоаралық тергеу-жедел тобы тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде жауап алынды”, - делінген Бас прокуратының Tenrginews.kz сайтына берген мәліметінде.
- Қаңтар оқиғасы бойынша рақымшылыққа ілінетін азаматтардың тізімін Бас прокуратура жасайды
- Қарағанды облысында қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмған сарбазға ескерткіш орнатылды
Еске салайық, 17 тамызда Ерлан Тұрғымбаев президент кеңесшісі қызметінен босатылған еді. Кейін одан қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты жауап алынғаны белгілі болған.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі