Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы бойынша рақымшылыққа ілінетін азаматтардың тізімін Бас прокуратура жасайды

Мемлекет басшысының өкімімен рақымшылыққа ілінетін қаңтар оқиғасы бойынша сотталған азаматтардың тізімін Бас прокуратура жасайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Қадағалау департаменті басшысының орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді.

"Әзірге нақты санын айта алмаймын. Себебі қазір іріктейміз. Әлі зерделеп қарау қажет, өздеріңіз білетіндей президент тапсырма берді. Экстремистік қылмыс жасағандар, ұйымдастырушылар, оларға рақымшылық жасалмайды. Қазір әлі әзірлеп жатырмыз, бірден айтпаймын. Барлығы дайын болған кезде міндетті түрде хабарлаймыз", - деген Шындалиев журналистердің сұрақтарына жауап беріп тұрып.

Ол қаңтар оқиғасына қатысты 1000-нан астам қылмыстық іс тергеліп, 1000-ға жуық адам сотталғанын еске салды.



Бас прокурордың орынбасары тергеудің алғашқы сатысында уәкілетті органдар мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша адамгершілік жасағанын атап өтті.

"Меніңше шамамен 983 адам сотталды. Олардың 100-ден астамы нақты түрме жазасына кесілсе, қалғандары шектеу (бостандығын – Ред.) немесе шартты жаза алды", - деді Әсет Шындалиев.

Еске салайық, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүкілхалықтық жолдауында қанды қаңтар оқиғаларына қатысушыларға рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдағанын айтқан еді. алайда мемлекет басшысы рақымшылыққа тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар негізгі тұлғаларға, сондай-ақ мемлекетке опасыздық жасады және билікті күшпен басып алуға әрекет жасады деп айыпталғандар ілінбейтінін ерекше атап өткен.

Талқылау