Ерлан Әукенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
Қазақстан үкіметінің қаулысымен Әукенов Ерлан Мұратұлы Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Ерлан Әукенов 1984 жылы 5 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Брэдфорд университеті, Халықаралық бизнес академиясы, Лондон экономика және саясаттану мектебін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2001 жылы "ХХІ ғасыр көшбасшысы" жастар орталығы "облыстық қоғамдық ұйымы Павлодар облыстық филиалының төрағасы болып бастады. Осы жылдар ішінде жеке компаниялар мен қоғамдық бірлестіктерде, мемлекеттік органдарда басшылық қызметтерді атқарды.
2014 - 2015 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2015-2019 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.
2019 жылдың қыркүйегінен қазіргі уақытқа дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді