Еркін күрестен Юсуп Батырмурзаев Олимпиада ойындарында жеңіліп қалды
Қазақстандық балуан Юсуп Батырмурзаев Токио Олимпиадасын сәтсіз бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz порталына сілтеме жасап.

Аса ауыр салмақ бойынша сынға түскен ол алғашқы айналымда германиялық Геннадий Чудиновичтен жеңілді. Отандасымыз Юсуп Батырмурзаев әдіс жасап, 8 ұпай еншіледі. Алайда, германиялық Геннадий Чудинович қарсы әдіспен таза жеңіске жетіп, уақытынан бұрын қазақстандық балуанды ұтты.
Айта кетерлігі, күрес ережесі бойынша Геннадий Чудинович (Германия) финалға шыққан жағдайда, қазақстандық Юсуп Батырмурзаев жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен