Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмаханның комедиясы не туралы

Актриса атанып, продюсерлік тізгінді қолына алған Ерке Есмахан, бұл күндері «Кафе махаббат» картинасын таспалауда. Тілшілер түсірілім алаңына арнайы барып, жұмыстың қалай жүріп жатқанын біліп қайтты. Әншінің сөзінше, барлығы бірден оңайға түспепті.

ерке есмахан

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.

Кино әлеміне қадам басқан Ерке Есмаханды Жамбыл облысының түкпіріндегі ауылдан тауып алдық. Хит әндердің орындаушысы атанған әншіден, бірден неліктен өзге салаға бет бұрғанын сұрап көрдік.

«Адамда бір өсу болу керек қой, сондай сияқты мен өзім ойлана келе, ақылдаса келе неге кино түсірмеске. Гүлнұр Мамасарипова журналист, продюсер сол кісі маған кеңес берді. Сонымен былай ойландым да, шыны керек көп ойланған жоқпын, идея басыма түскен бойда жарқ ете қалды. Жоқ мен кино түсіруім керек», – дейді Ерке.

Ал, менің жаңа кинотуындымды тек Асқар Ұзабаев таспалай алады деген Ерке, басында жаңа жұмысын біраз жатырқаған көрінеді.

«Шыны керек, мен бас жағында үйрене алмай жүрдім. Ұйқым бар ұйықтамай жүрген. Оның қасында уайымдайсың, қалай бәрі болады деп. Бірақ, 2,3,4 күннен кейін кәдімгідей өзімді жақсы сезініп, осы атмосфераға кіріп, киноның қалжыңын түсіне бастадым», – дейді Ерке.

Картинада Еркеге қарапайым ауыл қызының образы бұйырған. Түсірілім алаңында оның фильмдегі ағайын-туысы да қызу еңбектенуде.

«Мен Мақпалдың әкесінің рөлін сомдаймын. Мақпал деген біздің Ерке Есмахан. Жолдың бойындағы «Махаббат» кафесінде», – дейді Әбунасыр Серіков.

Отбасылық комедияның оқиға желісі дәл осы «Махаббат» кафесінде өрбиді. Ал, туысқандық қарым-қатынас, ғашықтық пен ауылдың аңғал атмосферасы суреттелетін картинаға, қажетті локация ұзақ таңдалған.

«Жалпы ауа райы да бізге көмектесіп жатыр, осы ауылдың тұрғындары да бізге көмектесіп жатыр. Мысалы, мына түсіріп жатқан кафеде, әже күнде тамақ береді. Таза ауа, күнде жейтініміз ет. Салмақ жиналып жатыр», – дейді актер Шәріп Серік.

Осындай жағымды да жанға жайлы ортада кино түсіруге кіріскен ұжым, көрерменге сәтті туынды ұсынады деп сенеміз!

«Бұйыртса осы күзде «Кафе Махаббат» киносына  келіңізідер!», – дейді Есмахан.

Тағы оқыңыз: 

Екеуі мені жеп қояды: Қайрат Нұртас анасы мен жұбайының қарым-қатынасы жайлы айтты

Асхат Тарғынның келіншегі: Қызғануға уақытым жоқ

Әнші Бүркіт ұлт зиялысы Шахановты тірі кезінде бағалауға шақырды

6 жасар алматылық қыз Максим Галкиннің шоуына қатысып, ресейліктерді таңдай қақтырды (фото)

Талқылау