Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан ұлын мектепке беруге дайындалып жатыр

Әнші Ерке Есмахан ұлы Муслимді мектепке беруге дайындалып жатыр. Сапалы білім беретін мектеп іздестіріп жүрген ол баласын қай қалада оқытатынын шешпеген. Өнер иесі ұлын Алматы, Астана не Ақтөбе қаласындағы мектептердің біріне бермекші, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

ерке есмахан
Қазіргі уақытта ұлымен бірге Дубайда саяхаттап жүрген әнші бұл туралы желідегі парақшасында жазды.

“Далада +40 градус ыстық. Ал, бұл “Ice park”, ішінде -40 градус салқын! Дубайдың тағы бір керемет саябағы. Екеуміз де негізі тоңып тұрмыз. Бірақ, суретке түсу керек болды.

Муслим биыл 6-да! Ақылы толып, анасының қасында тек қыдырып жүрмейді, анасымен сырласады, көмектеседі. Достары көп. Шетелге әр сапарында өзіне жаңа қызығушылықтар тауып жатыр.

Муслимнің бақытты балалығы үшін барымды салып жүрмін. Биыл 0-сыныпқа барады. Алла қаласа, мектеппен бірге спорт сағаттары, үйірмелер басталады. Муслимге 7 жасына дейін жер жүзінің әр бұрышын көрсетуге тырыстым. Шетелге саяxат демалыс қана емес, баланың ой-өрісін кеңейтеді.

Муслимге қатысты арманым көп. Мектепке дұрыс таңдау жасалу қажет. Астана немесе Алматы, Ақтөбе қалаларынан сапалы білім мен қазақы тәрбие беретін жақсы мектеп тапсам екен. Саналы, дені сау ұрпақты нәсіп етсін Жаратқан!” – деді ол.

Тағы оқыңыз: 

Жолдасым қазақшылыққа салынды: Айнұр Ілиясова ашық суреттеріне деген күйеуінің көзқарасы жайлы

Арсен Акиев “кәрі қызға үйленді” деп сынағандарға өлеңмен жауап берді

Шапалақпен тартып жіберемін: Арман Дүйсенов бала тәрбиесі жөнінде ағынан жарылды

Ерке Есмахан: Арабтармен бірге сәресіне оянып, ауыз ашқанның өзіндік раxаты бар (фото)

Талқылау