Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан: Ұлымның камерадан қорықпайтынын көріп қатты таңқалдым

Әнші ұлының камерадан қорықпайтын қасиетіне таңқалғанын айтады. Бүгінде Мүслім екі бейнебаян, бір жарнамаға түсіп үлгерген-ді.

17881837_1034110746719212_2095906283390500864_n

Сурет: Ерке Есмаханның жеке парақшасынан

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Алдымен, “Әйел бақыты” бейнебаянында бой көрсеткен әншінің баласы енді анасының “Қайда” атты бейнебаянына да түсті. Ерке Есмахан ұлының камерадан қорықпайтын қасиеті туралы білмегенін айтады.

18579848_1674184135944502_1949875359512002560_n

18512515_677877535729378_8252543165479780352_n

“Мүслім Алматы, Астана, Ақтөбе қалаларында жүреді. Алматыға келген сайын үйге қалдырмай, өзіммен бірге ертіп жүруге тырысамын. Өйткені, үйге тастап кетуге мүлдем қимаймын. Бір шетінен мен араласатын ортаға сіңісіп, ашылғанын қалаймын. Оның үстіне жаз уақытында балабақша жоқ. Кей түсірілімге барған кезде камерадан қорықпайтынын көріп, өзім де қатты таңқалдым. Алғырлығы мен бұрын-соңды мен байқамаған қырларын көрсетіп жатыр. Болашақта өзі таңдаған салаға барады. Десе де, камера мен басқасына да осы кезден бастап үйрене бергені дұрыс”, – дейді Ерке Есмахан.


Жіберіп алмаңыз:

Жорабаева: Ажырасқалы ыңғайсызданып, өзімді төмен сезінемін

Ерке Есмаханға астаналық жігіті отбасын құруға ұсыныс білдірген

Талғат Жорабев ер адамдардың келіншектері босанғанда серіктес болуына қарсы шықты

Зарина Омарова артық салмақтан арылу туралы кітап жазып жатыр

Талқылау