Ерке Есмаханның күнделілігі аукционда 1 миллион теңгеге сатылды
Ерке Есмахан күнделігін 1 миллион теңгеге сатты. Әнші сүйіктісі Азамат Зенкаевтың “Ту” атты бейнебаянының таныстырылымында күнделігінің тұсаукесерін жасады.
Азамат Зенкаев жаңа бейнебаянынының таныстырылымын жасады. Әнші арнайы кеш ұйымдастырып, өнер өкілдерінің қатысуымен таныстырылым өткізді. Бұл кеште Ерке Есмахан да бар. Әнші аталған кеште өз күнделігіңі тұсаукесерін жасады.
Ерке Есмахан “Куә бол” атты күнделік шығарып жұлдыздар арасында аукцион жасады. Еркенің күнделігін Мәдина Сәдуақасова 500 мыңға алмақ болды. Алайда блогер Айнұр Асанберді 1 миллион теңгеге сатып алды.
Бұл туралы блогердің өзі мәлім етті.
“Аукционда осы блокнотты Мәдина Сәдуақасова 500 мың теңгеге сатып алғысы келген. Айнұр Асанберді 1 млн теңгеге сатып алды”, – дейді блогер.
Желі қолданушылары әртүрлі пікір жаза бастады.
“Әншінің күнделігін таласты ма?”, Онда не жазылған екен?”, “Бұл алдын ала жазылған сценарий шығар”, “Оны не үшін сатып алды?”, “Мен алмас едім”, “кітап секілді шығарған ғой, ақшасы барлар ала берсін”, деп жазды олар.