Ерке Есмахан Райымның гендер пати өткізуге қарсы екенін айтты
Жақында Ерке Есмаханның жүкті екенін білген көпшілік жұлдызды жұптың гендер пати жасағанын асыға күтіп жүр. Алайда Ерке күйеуінің бұған қарсы екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/erke_esmahan
Оқырманның: “Гендер пати қашан?” деген сауалына Ерке: “Райым құптамай отыр. Атып, бірдеңе істейік деп қанша айттым. Әлде де айтып көремін, бірақ болмайды-ау сол”, – деп жауап берді.
Желі қолданушылардан келген сұрақтардан Райымның қызғаншақ екенін де білдік.
Ерке Есмахан екінші сәбиін күтіп жүрсе де, шақыртулар мен ұсыныстардан бас тартпай, сахнада өнер көрсетіп жүр. Әншінің бұл әрекеті тыңдарманын алаңдатып қойған көрінеді. “Туғанша концерттерге шыға бересіз бе?” деген сұраққа ол: “Ұсыныстар өте көп. Директорым өзі реттеп, қай жерге барған дұрыс, соны айтып отырады. Шаршамай, шалдықпай, байыппен әзірге әнімді айтып жүре тұрамын ғой”, – деп жауап қайтарды.

Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды