Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаев некесін қиды

Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаев некесін қиды. Жұлдызды жұп ерлі-зайыпты атанды. Алайда қуанышты жаңалықты қос әнші де көпшілікке жария еткен жоқ. 

Бұл туралы "Опмай-опмай" бағдарамасында айтылды.

Ерке Есмахан мен 91 тобының экс-солисі Азамат Зенкае некесін қиды. Алайда қос әнші де бұл туралы көпшілікке мәлімдеген жоқ. 

Жұлдызды жұп біршама уақыт бұрын көңіл қосқан еді. Жұрттан жасырын жүргенімен, көпшілік қос әншінің қол ұстасқанынан хабардар. Кейіннен Ерке Есмахан сүйіктісінің барын айтып, махаббатқа бөленіп жүргенін жеткізді. Азамат екеуі қыз-жігіт болып кездесіп жүргенін мойындады. Ал жақын күндері AZ Еркемен бірге тұрып жатқанын меңзеген еді. Бұл жолы олардың некелі ерлі-зайыпты екені мәлім болды. 

Ерке мен Азаматтың жас айырмашылығы 7 жас. Ерке жолдасынан үлкен. Алайда махаббат жасқа қарамайды деген ұстанымда. Өнердегі әріптестері де бұл пікірге қосылды. 

"Ғашықтар бар әңгімесі таусылған, ал махаббат таусылмайтын әңгіме" деген еді ғой Мұхтар Шаханов ағамыз. Сол секілді егер адам ұғынысып тұрса, бір-бірін жақсы көрсе, сезімі болса, ол жасқа қарамайды. Әйел үлкен болса, да ер азаматы үлкен болса да, ол сезімге, сыйластыққа байланысты. Адам кеш үйлене ме, ерте тұрмыс құра ма, әуелі Алланың қалауы болады. Тағдырға не жазылса, солай болады", деді Сәкен Майғазиев. 



Бұл пікірге Абай Бегей де қосылды. 

"Мұхаммед (с.ғ.с) Пайғамбарымыздың алғашқы әйелі Хадиша анамыз Пайғамбарымыздан 25 жас үлкен болған. Сондықтан бұны дұрыс емес деп айтуға болмайды. Тағдыр қалай жазылса, солай болады", - деді ол.

"Ерке өз жасынан жас көрінеді. Азамат екеуі жарасып тұр. Ешқандай айырмашылық байқамаймын. Сондықтан бақыт тілеймін. Мен тек қуаныштымын", - деді Әлішер Кәрімов. 

Сержанәлі Әлібек әйелдің күйеуінен кіші болғанын құп көреді. Алайда махаббат жасқа қарамайды дегенге келіседі. 

"Әйелдің кіші болғаны жақсы ғой. Сыйлап тұрады. Кішірейіп тұрады. Сондықтан дұрыс деп ойлаймын. Ал махаббат жасқа қарамайды дегенге келісемін. Әркімнің өз қалауы ғой. Егер жігіт қалап тұрса, бастысы бақытты болса болды", - деді әнші. 

"Диета. кз" тобының әншісі Жасұлан Базарбаев "жас әйелдің ерекшелігі оны өзің тәрбиелеп аласың" деген сырын айттты. 

"Жас әйел алсаң, оған өзің үйретесің. Сені тыңдайды. Тәрбиелейсің. Саған бағынады. Әлі ешнәрсе білмейтін кезінде үйленсең жақсы. Бірақ менің әйелім өзіммен құрдас. 22 жасымызда үйленгенбіз. 5 жыл кездестік. Сол 5 жылды өткізбей үйленбегеніме өкінемін. Қыз-жігіт бірден үйленгені жақсы екен", - деді ол. 

Талқылау