"Ерке Есмахан емеспін": Танымал ресейлік КВН-ші қазақ тілінде ән шырқап желі қолданушыларын тамсандырды
Ресейлік танымал КВН ойыншысы Азамат Мұсағалиев желідегі парақшасында қазақ тілінде ән салып, видео жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Азамат Мұсағалиев Instagram-дағы парақшасында қазақ тілінде ән шырқап, желі қолданушыларының, соның ішінде қазақстандықтардың ерекше ықыласына бөленді.
"Бұл әрине, Дос-Мұқасан емес. Ерке Есмахан да емес. Бұл мен – Азамат", – деп жазған Мұсағалиев өзін қазақстандық орындаушылармен салыстырып әзілдеген.
Әншінің жазбасына желі қолданушылары жағымды пікір жазып жарысты.
"Жарайсын, Азамат!!!!", "Сен бар жақтан дарындысың. Біз сені жақсы көреміз. Қазақ тілінде көбірек ән айт", "Мен өзімнің тіліме және тарихи отаныма тікелей сүйіспеншілік пен құрмет сезініп отырмын. Бұл өте әдемі. Адам өз орнын білсе, өзін бағаласа, ол қарапайым болмағаны", - деп жазды олар.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі