Еріктілер Маңғыстауда қырылып жатқан жылқыларды суретке түсіріп алды
"Клуб добряков Актау" еріктілері Маңғыстау облысының Таушық ауылына барып, жануарлардың жантүршігерлік жағдайының куәсі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz -ке сілтеме жасап.
Еріктілер жануарлардың өлекселерін суретке түсіріп алған. Олар жылқылардың көз алдарында өлгенін айтты.
"Бұл жылқыларды Таушық ауылында түсірген. Бүгін жігіттер тағы бір фермермен танысуға кетті. Оның шағын шаруашылығы бар, онда 15 жылқыны асырайды", – деп хабарлады еріктілер клубында.
- Маңғыстау облысында келесі жазға дейін мал қалмауы мүмкін
- Қызылорда облысында төтенше жағдайдың енгізілуіне не әсер етуі мүмкін? Мамандар түсіндірді
Жанашыр тұрғындар қаражат жинаумен, сондай-ақ шаруашылықтарға азық сатып алумен және жеткізумен айналысады деп атап өтті басылым.
Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев Маңғыстау облысына азық сатып алуға қосымша 5,3 миллиард теңге бөлінетінін мәлімдеген болатын.
Талқылау

Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
Маманның сөзінше, тарихи тұрғыда қор нарығы құлдыраған кезде алтынға сұраныс артады

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады