Ереже бұзғаны үшін ойыннан шығарылған қазақстандық футболшы жылап жіберді (видео)
«Динамо-Брест» клубының қазақстандық жартылай қорғаушысы Владислав Васильев Беларусь чемпионатының ағымдағы маусымында екінші рет қызыл карточкаға ие болды. Ол «Ислочь» клубымен ойын кезінде ойыннан шығарылып, көз жасын ұстай алмады.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
«Ислочь» клубымен ойын кезінде Васильев бастапқы құрамның қатарында ойын көрсетті. Алайда ойынның 74-минутында «Арсенал» және «Барселонаның» бұрынғы жартылай қорғаушысы Александр Глебке қарсы ереже бұзғаны үшін ойыннан шығарылды. Қазақстандық футболшы алаңнан кетіп бара жатып көз жасына ерік берді.
Ал ойын 1:1 есебімен аяқталды. Ойынның 23-минутында шабуылшы Артем Милевский гол салып, «Динамо-Брест» клубы есеп ашты. Алайда 33-минутта «Ислочь» «Атыраудың» бұрынғы ойыншысы Александр Макасьтің голымен есеп теңестірді.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?